Тоқтатайық болды жетер
Көз жасыңды төкпе бекер
Мені де қинайды сезім
Бірақ олда өтер.
Мұндай махаббат болмайды
Жалғызда жүрек тоңбайды
Алауы кетсе сезімнің қайта жанбайды
Қоштасу керек…
Бірақ
Болмайд(ы) сені ешкімге бере алмаймын
Бөгде жанға қимаймын
Қызғаншақ?
Ия, сондаймын
Ия, сондаймын!
Жылуы жоқ суық көздер
Құны кеткен жеңіл сөздер
Сені қатты сүйгенімнен, бәрінеде төзгем
Жетер енді болды шаршадым
Жалғыздықты жаным аңсады
Тоқтатайық енді екеуміз
Қиын болсада
Қоштасу керек…
Бірақ
Болмайд(ы) сені ешкімге бере алмаймын
Бөгде жанға қимаймын
Қызғаншақ?
Ия,сондаймын
Ия ,сондаймын!
Әттең ия, сөздеріңнін жаны бар
Біздің соқыр сезімде , бізден басқа бәрі бар!
Бұның бәрін шынында өте қиын мойындау
Менің бүкіл сезімім сыймай кетті ойыма
Мұндай суық дүниеңді енді мен нықылам(ын)
Мүмкін басқа бір жанның жүрегінен табылам(ын)
Сезімге мен шөлдесем, маған көңіл бөлмесең
Өтінемін тыныштық бер жаным енді келме сен!
Қалай ғана қалдырамын бұның бәрін осылай?
Менің жаным жәй таппайды , саған дереу қосылмай!
Жыласаңда қаншама мені қатты сүйесің
-Менде де солай
-Менде де солай!